Жамағатпен өткен жылы жүздесу

image_750x_5b2c7cb757511.jpg

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы" мемлекеттік комуналдық мекемесі Жетісай аудандық бөлімінің маманы Даурен Аманов Мақтарал ауданы, Арайлы елді мекенінде орналасқан "Ар- Рахман" мешітінде болып қайтты. Мешіт жамағатымен жүздесіп, келуші жамағаттарға құптан намазы алдында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Орта Азия елдерінде, Қазақстанмен шекарасына жақын мемлекеттерде дін мәселесі,  терроризм мен экстремизм өзектi тақырып болып тұр. Терiс пиғылды,  радикалды ағымдар мен секталардың құрбанына айналған қаншама жан бар. Ал, ол адамдар бiр отбасының мүшесi болып саналады. Қорытындысында бұндай жағдайға түскен жан отбасының күйреуiне себепшi болады. Сондықтан жастар арасында, жалпы қоғамда тұрақты түрде көптеген іс-шаралар өтуде.
Қазақстан Республикасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, болдырмау үшін мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан негіз жасалынған. Құқық қорғау органдары жоғары деңгейде терроризм мен экстремизмнің барлық көріністерін енді бой көрсетпек болған кезінде тоқтатуға қауқарлы және солай істеп келеді де.
Жиын соңында сұрақ- жауаптар болып, мешіт қызметкерімен бірлесе алдағы уақыттарда көлемді жиындарда бас қосуға уағдаласты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер