Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол» марафоны аясында Түлкібас ауданында 28 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы велошеру акциясы өткізілді. Велошеру Т.Рысқұлов – Жаскешу ауылдарының аралығында өткізіліп, велошеруге мемлекеттік мекеме қызметшілері және аудан тұрғындары қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті.
Стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды.
Велошеру кезінде азаматтарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы қоғамды жат әрекеттерден тазартып, еліміздің демократиялық жолмен дамуына үлес қоса алатынымыз айтылды. Азаматтық ұстанымы берік тұрғындар мұндай шаралардың тиімділігі зор екнін айтты.
Профилактикалық іс-шаралар барысында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызметтік әдеп ережелерін сақтау мәселелері түсіндірілді.