Бас мүфти дәстүрлі дінді насихаттады

ae768166fcdc61c14e3289e7db041910.jpg

Жақында ғана облыс орталығы болған  Түркістан қаласында «Түркістан – түркі дүниесінің рухани орталығы» атты конференция өтті. Оған еліміздің Бас мүфтиіСерікбай қажы Ораз, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс ардагерлері, зиялы қауым және дін өкілдері қатысты.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:"Тарих – бұл біздің қазыналы қойнауымыз. Халқымыз сол тарих қатпарынан мол тәжірибе жинап, Хақ дін – исламмен қауышты, ұлт болып ұйысты, мемлекет болып қалыптасты. Қазақ халқы ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы талатын осыншама ұланғайыр аймақты тарихтың әртүрлі кезеңдерінде бауырына басты. Құдайға мың да бір шүкір, бұл – тарлан тарихтың бізге қалдырған тартуы деп білеміз. Біз, қазақ халқы әзелден фиқһта исламдағы құқықтық әлеуеті зор Ханафи мәзһабын ұстанамыз. Біз сенімде Құран мен сүннетке сай рационалды ойлауға мүмкіндік беретін Матуриди ақида мектебінің өкілдеріміз", - деп атап өтті.

Мінберде сөз алған Бірінші наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі өлкеде жаңа бастамаларды белсенді түрде атқарып, елдің игілігі мен бірлігі жолында қызмет ететінін баяндады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер