Сәләфи ағымының қауіптілігі неде?

05bbd967-2a70-463a-9a97-ab0fc1a71bed.jpeg

Сырттан келіп, дәстүрлі дінімізді бұзып жатқан негізгі теріс ағымның бірі  - сәләфи ағымы. Ақиқатты іздеймін деп, теріс ағымның құрбанына айналып жатқандардың басым бөлігі жастар. Сол себепті де мұндай ағымдардың қоғам үшін де, болашақ үшін де қаупі үлкен.

Сайрам аудандық электр тарату мекемесінің қызметкерлерімен ерекше кездесу болып өтті. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі Сайрам аудандық бөлімінің қызметкері, теолог маман Тәжібаев  "Сәләфи ағымының қауіптілігі" деген тақырыпта жиналған азаматтарға лекция оқыды. Теолог маман қазіргі таңда көп таралып жатқан, діни ағымдардың бірі сәләфия бағыты екенін айтты. Оны ұстанған азаматтар біздің ұлттық дәстүрлерімізге  қарсы шығып,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынна қарасты жергілікті имамдармен талас-тартысқа түсіп, мешіттің тәртібін бұзуда. Алар Ханафи мәзһабын мойындамай, жамағаттың арасында дүрбелең туғызып жатыр.

Бұндай әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын бұзуда, яғни дінаралық, ұлт аралық алауыздық тудырғаны үшін жазаға тартылып, 5 жылдан 7 жылға дейін темір торға қамалады.Сондықтан діни ағымдардың насихатынан сақтану керек екенін айтып өтті. Кездесу сонында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер