ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында Сарыағаш ауданы Жамбыл ауылдық округінде «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді.
Оның басты мақсаты - халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді өз үйіңізде отырып қол жеткізу туралы кеңінен түсіндіру.
Аталған шараны Бозай, Жамбыл, Бірлік ауылдық округі әкімі аппараттары ұйымдастырды. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бойынша, жұмыспен қамту және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Сарыағаш ауданының жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып, түсіндіріп, egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен айтты.
Жәрмеңкегеқатысқан аудан тұрғындарына брошюралар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі ауданның барлық аумағында өткізілетін болады.