Еліміздегі дәстүрлі емес діни ағымдардың жасап жатқан әрекеті, жастарды теріс жолға тартып бара жатқаны, ел азаматтарының арасында алауыздық тудыра бастағаны қоғам мүшелерін бейжай қалдырып отырған жоқ. Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КММ-нің қызметкерлеріне «Дәстүрлі емес діни ұйымдардың айлалары» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Калиева және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Д.Баққараев жалпы саны 40 мекеме қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында дінтанушы маман аталған тақырыпта азаматтарға кеңінен түсінік беріп, қойылған сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, ақпараттық кеңістік жылдам дамыған заманда әлеуметтік желі арқылы таралатын түрлі мәліметтерге сеніп дәстүрлі діни бағытты теріске шығарып, өз ұстанымын өзгертіп, қоғам арасына түрлі іріткі салушы діни топтар пайда бола бастағанын және оған қарсы жұмыс жүргізу қажеттігін айтты. Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін яғни мемлекет тарапынан белгілі бір дінге үстемдік берілмейтіні көпшілікке ұқтырып өтті.
Сондай ақ, радикалды діни топтар діни білімі саяз азаматтарға Ислам дінін бұрмалап салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды жоққа шығару арқылы өз қатарларына тартып отырғандығын да жасырмады және ата-бабамыз ұстанған сара жолы дәстүрлі Исламның артықшылығын дәйекті дәлелдермен көптеген мысалдар арқылы жеткізді. Бұдан бөлек, елімізде көптеген теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың сот шешімімен жабылғандығы және оған қатысы бар деген күдікпен қаралған азаматтардың заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылатындығы да түсіндіріліп өтті.