Теріс діни ағымдар қолданатын әдебиеттер мен түрлі көрнекі құралдар негізінен бізге шекара арқылы өтіп, келеді. Оған тосқауыл қоятын, біздің заң шектеу қоятын әдеби кітаптарды сүзгіден алғашқы өткізетін шекарашылар.
Сарыағаш аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік көоммуналдық мекемесі аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен Ұшқын ауылдық округіндегі 2020 әскери бөлімінің Келес комендатурасында әскерилермен кездесу болып өтті. Әңгіме еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету барысындағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде болды. "Экстремистік және террористік ұйымдардың идеологиялық негіздері және керіағар діни ағым жақтастарының әрекеттері» деген тақырып төңірегінде әскерилерге лекция оқылды. Әскерилерге жүктелер салмақ ауыр. Олар тек шекараның бекемдігіне жауап беріп қоймай, өздерінің де діни ағымдардың торынан аулақ болғаны жөн. Теріс діни ағымға тартатын жақтастар шекарашыларға қатты қызығушылық білдіреді. Егер бір әскериді өздерінің жағына тарта алса, ол - үлкен жеңіс санайды. Сондықтан, әскерилер сақ болғаны керек.
Сарбаздар діни сауаттылықты арттыру барысында ғаламтор желісіндегі ақ пен қараға жіті мән берілуі керектігі айтылды.