Ордабасыда ауыл шаруашылығы өркендеп келеді

1507786065_auyl.jpg

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «аграрлы сектор – экономиканың жаңа драйверіне» айналу керек деген болатын. Осыған орай, көптеген бағдарламаларында ауыл шаруашылығына қатысты нақты тапсырмаларды жүктеген болатын.

Осыған орай, Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер "Сайып ата" шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес адам жұмыспен қамтылған.  

Мұнан бөлек, ауданда жеке кәсібін бастаған азаматтар баршылық. Мәселен, бүгінде Ордабасыда мал бордақылайтын 150 алаң жұмысын бастап, жанұялық 22 сүт фермасы іске қосылды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Б.Башенов 25 мың басқа арналған құс фермасын салып, жұмысын жүргізіп келеді.

Осындай ілкімді істердің арқасында Ордабасы ауданында 2018 жылдың 5 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 9 млрд 154 млн. 500 мың теңгені құрап, 2017 жылмен (8 млрд 045 млн. 300 мың теңге) салыстырғанда 1 млрд 109 млн. 200 мың теңгеге артты. Ауыл шаруашылығы дақылдарының 55 300 га егістік жерлерді игеру жоспары 102 пайызға орындалып, 56 553 гектарды құрады.

Жыл басынан бері «Сыбаға» бағдарламасымен 333 ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен алынатын 1268 уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 361 жылқы алынды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер