Білім – мәңгілік байлық. Ал, ол байлықты беретін орын – мектеп. Мектеп – қастерлі ұғым. Осыған орай, өңірде мектеп санын арттырған абзал.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттықбек Жамашев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдегі жаңадан салынатын мектептер жайына тоқталды.
– Әлеуметтік сала бойынша білім беру саласына жалпы 83 нысан құрылысына 15,9 млрд. теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен құрылысы жоспарланған 16 мектептің биыл 12-ін тапсыру көзделген. Қалған 4 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі. Ал облыстық бюджеттен қаралған 11,5 млрд. теңгеге 67 нысан құрылысын жүргізіп, оның ішінде ағымдағы жылы 28 нысанды пайдалануға беру межеленіп отыр. Қалған 39 мектептің құрылысы 2019 жылға өтпелі, - деді Құттыбек Рахматтуллаұлы.
Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан 2019 жылға өтпелі. Мәдениет саласында 2 мәдениет үйі мен 1 мұражайға қосымша нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда 2 нысан пайдалануға берілген. Спорт саласында 3 нысан құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.