Қазақстан өркениетті 30 мемлекеттік қатарына қосылу үшін ұмтылып жатыр. Стратегиялық жоспарлардың барлығы елдің осы бағатына байланған. Бұл мақсатқа біз жұрт болып жұмылып, бір бағытта қиымылдаған кезде ғана жетеміз.
Осыны түсіндіру үшін Созақ ауданында арнайы топ кәсіпорындарды аралап жүр. Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы және "Нұрлы Әлем" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттің зайырлылық принциптері" атты тақырып бойынша КАЗАТОМПРОМ SaURAN кенішінде жұмысшылармен кездесу өтті. Оған ауданның бас имамы Мейрамбек Есіркеп, Созақ аудандық «Созақ үні» газеті редакциясының тілшісі Жандәулетов Біржан, Созақ аудандық орталық ауруханасының Созақ аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының меңгерушісі Білісбаев Бекболат қатысты. Негізгі тақырыптан бөлек өндіріс жұмысшыларына теріс діни бағыттағы топтардың мақсаты не, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Уран өндірісімен айналысатын жұмысшыларға салауатты өмір салтының артықшылықтары мен ішімдік, есірткі, темекі секілді зиянды әдеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.