Заман талабына сай зауыт, фабрикалар салынады

main-page.jpg

Облыс орталығы болған Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын және туризмді дамытуға баса мән берілмек. Себебі, жаңа облыс енді Шымкентсіз дамитын болады. Көптеген орталықтар үшінші мегаполисте қалғанын ескерсек, енді жаңа өңірге артылар жүк ауырлайды. Десе де, тек ауыл шаруашылығы, туризм саласымен шектеліп қоя салған болмайды. Жаңа жұмыс орындарын ашу үшін зауыт, фабрикалар салу керек. Сондықтан да, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Себебі, жаңа өндіріс орындары ашылса ғана жұмыссыздық азаймақ. 

Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта түрлі жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айында индустриалды аймақтағы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 343,3 млн. теңгені құраған.  Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп өнім көлемі 4 331,2 млн теңге болып отыр. Мәселен, индустриалды аймақта орналасқан жиһаз фабрикасында күн сайын ас бөлмеге және жатын бөлмеге қажетті 100 гарнитур шығарылады. Ал, жылына 30-35 мың гарнитур шығаруға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта мұндай кәсіпорындар саны көбейеді. 

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша, шаһарда өндірісті дамыту бағытында жоспар түзіліп, ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Облыс орталығындағы индустриалды аймақ аумағы 300 гектарға ұлғайып, онда заман талабына сайы зауыттар мен фабрикалар салынады деп күтілуде. Қазіргі таңда шетелден инвестор тарту жұмыстары жүйеленіп жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер