Түркістан өңірі көгалдануда

bgjtiszydozv7vstdk36ihm3ei632x_0.jpg

Осыған дейін Елбасы бастамасымен республика көлемінде «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылған болатын. Осы бағдарлама аясында жер-жерде көшет егіліп, өңірлер көгалданып сала берді. 

Міне, бұл бағдарлама Түркістан өңірінде әлі жалғасын тауып келеді. Түркістан облысында жазғы демалыс кезінде қосымша қаржы тауып, "Жасыл ел" еңбек жасағының қатарында жүрген жастар баршылық. Маусым айынан бастап қолға алынған шарада бүгінге дейін 500-ден астам студент еңбек етіп, аймақтағы түрлі нысандардың абаттандырылуына атсалысып келеді. Маусымдық жұмысқа тартылған студенттер мен жұмыссыз жастардың еңбек ақысының 50 пайызы жұмыс беруші мекемеден, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленіп келеді.

Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастардың арқасында 117 елді мекендегі 6 мың метрге жуық шарбақ сырланып, 100 мыңнан астам көшет отырғызылды. Сонымен бірге, былтыр 445,8 мың га саябақ пен аллеялар, орталық көше бойлары абаттандырылды. 

Айта кету керек, Елбасының бастамасымен құрылған еңбек жасағы облысымызда 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Тоғыз жылдың ішінде өңіріміздегі 13 мыңнан аса жас көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер