Түркістандық кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көмек көрсетілді

d534ba4a6ec168a191bdcbd37025c68d.jpg

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларында ауыл шаруашылығы саласы – ел қазынасының бүйірін қампайтатын негізгі сала болу керектігі жөнінде көп айтылды. Осыған орай, ауыл шаруашылығын өркендету жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген. Жалпы, осынау жұмыстарға 2018 жылға 3,282 млрд теңге қаржы қаралып, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. 

2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы облыстық филиалы арқылы 260 тұлғаны несиелендірілсе (1 122,5 мың теңге), оның 184 бірлігі мал шаруашылығына қатысты кәсіп түрі болып табылады. 6 пайыздық үстемесімен 7 жыл мерзімге берілген өзге де бірліктер жылыжай, жиһаз өндірісі және шаштараз кәсіпшілігіне байланысты істер болып отыр. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асырудың екінші тармағы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 64 тұлғаға (201 652 мың теңге) 6 пайызбен 7 жыл мерзімге несие беріліпті. Оның 63 бірлігі мал шаруашылығына қатысты болса, 1-уі жылыжай өндірісіне тиесілі.

Одан бөлек, нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті және кооперативтерді дамытуға республикалық бюджеттен қосымша 3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, оның 1,8 млрд. теңгесі қолдау тапқан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер