Өңірдің жылыту маусымына дайындығы пысықталды

akim_0.jpg

Облыс әкімдігінде өткен селекторлық мәжілісте 2018-2019 оқу жылының басталуына дайындық жұмыстары талқыланды. Дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов баяндама жасады. Оның айтуынша, өңірдегі білім ұяларын жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындау бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 Бүгінде өңірдегі 1289 білім беру мекемесінде қысымдау және гидравликалық сығымдау жұмыстары қолға алынған. Жалпы 849 білім беру нысандарына 131863 тонна қатты отын жеткізу жоспарланса, қазір 70567 тоннасы тасымалданған.

— Сұйық отынға келетін болсақ, 78 білім беру нысандарына қажетті 3,3 млн. литр сұйық отынның 1,8 млн. литрі  жеткізілді. Сұйық отынның қалған бөлігі келісімшартқа сәйкес жеткізілетін болады. 2018 жылы 47 білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда 46 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты 3,6,8 сыныптарға арналған оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен 4,9 млрд. теңге бөлінді. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері білім ұйымдарына ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін толығымен тасымалданады, — деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа оқу жылына дайындық барысында кемшілікке жол берген аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер