Мемқызметші - сыбайластыққа жол берме!

photo_111930.jpg

Тұрғындардың жағдайына аразы айтып баратын биліктің бірінші сатысы – ол ауыл, аудан әкімдігі. Жергілікті жерде әлеуметтік мәселені толық шешіп тастамаса да, оның дұрыс шешім табуына ықпал ететін мекеме болған соң, тұрғындар ауыл, аудан әкімдіктеріне барады. Өтінішпен барған адамның тауы шағылмас үшін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу өте маңызды.

Ағымдағы жылдың 8 тамыз күні Қаратау ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өтті. Оған аудан әкімі И.Кантураев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің бас маманы Г.Төлегенқызы, аудан аумағындағы коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшылары мен орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.

Семинар барысында Гүлмира Төлегенқызы Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер