Өңірде жаңа теміржол бағыттары ашылмақ

f50988c8a04b84eb91302bf8bf248cbe.jpg

Жаңадан құрылған Түркістан облысын дамыту Елбасы бақылауында тұрған тапсырма екені баршаға белгілі. Жаңа облыста жұмыс қызу қарқын алу керек. Аталған облысқа барыс-келіс көбейгені абзал. Ол үшін – заманауи сапалы жолдар керек екені түсінікті.

Осыған орай, биыл жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаруалар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Бұл туралы бүгін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен баспасөз жиында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалпы облыста 2018 жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары. 

– Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1283 автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі 320 бағыттағы 1081 кестеден тұрады. Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына байланысты, облыстағы ауданаралық 115 бағыттың 91-і облысаралық болып өзгереді. Облысаралық 39 бағыттың 13-нің бастапқы пункті Шымкент қаласы болуына байланысты, бұл бағыттар Шымкент қаласы әкімдігінің құзырына берілді. Одан бөлек, Шымкент қаласындағы 26 тасымалдаушы, 82 бағыт, 1744 автобус, 1261 кесте тікелей Шымкент қаласы әкімдігінің құзырында болады, – деді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта, Түркістан қаласынан 5 аудан орталығына Кентау, Арыс, Шәуілдір, Шолаққорған, Мырзакент тікелей тұрақты жолаушылар тасымалы орындалуда. Алдағы уақытта облыстағы қалған аудан орталықтарына, атап айтқанда Шардара, Жетісай, Сарыағаш, Ленгір қалаларына және Абай, Қазығұрт, Темірлан, Ақсукент, Т.Рысқұлов және Шаян Түркістан қаласынан тікелей тұрақты бағыттар ашу жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер