Басты міндет – бюджет түсімін арттыру

38753054_588882028180833_7592288816707141632_n.jpg

Бүгін Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде бір мәселе – Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы мен жыл соңына дейін қойылған міндеттері туралы есепті баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысы Серік Жасұзақов экрандағы слайд арқылы бюджеттің орындалуы, 7 айдан өндірілген қосымша резервтер, жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтарының берешектері, салықтық берешектерді жою жұмыстары, табыс салығы мен әлеуметтік салық, басқа да өзекті мәселелер бойынша жан-жақты талдау жасай отырып, хабарлама жасады. 

Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бүгінгі таңға барлығы 7569 салық төлеуші тіркеліп отыр. Өткен 7 айдың қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бюджет жоспары 2564,2 млн теңгенің орнына 3285,9 млн теңгеге, немесе, 128 пайызға, жергілікті бюджет жоспардағы 1989,7 млн теңгенің орнына 2653,47 млн теңгеге, немесе, 133 пайызға, республикалық бюджет жоспардағы 574,5 млн теңгенің орнына 632,6 млн теңгеге, немесе, 110 пайызға артығымен орындалған. Болжамдық көрсеткіштерді сапалы орындау мақсатында бюджетке түсетін қосымша резервтерді іздестіру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 айында бюджетке қосымша 146,8 млн теңге өндірілді, оның ішінде жергілікті бюджетке 135 млн теңге өндірілген.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдер бойынша аудан бойынша берешек сомасы 43,8 млн теңгені, ал, борышкерлер саны 1083 салық төлеушіні құраған. Жыл басымен салыстырғанда тапсырылған салық есептіліктері негізінде берешек 19,8 млн теңгеге, немесе, 182,5 пайызға, ал, борышкерлердің жалпы саны 162-ге, немесе, 117,6 пайызға өскен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер