Сарыағашта шетелдік инвесторлармен кездесу өтті

38797010_2553691994875571_5393761393654628352_n.jpg

Елбасы Н.Назарбаев облыс әкімдеріне инвестордың тартудың маңызы зор екендігін айтқан болатын. Себебі, облыс республикалық бюджетке телмірмей, әкімдер шетелден қаржы көздерін тарта білсе, өңірде даму үрдісі жүреді. Бұл өте зор жетістік. Сондықтан да барлық дәрежедегі әкімдер инвестор тарта білгені абзал.

Осыған орай,  инвестордың қаржысымен Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі аумағы, «Келес» өзені бойынан жалпы құны 1220,0 млн.теңге құрайтын «Келесгидрострой» ЖШС-нің 4,2 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы аяқталуы жоспарлануда. Бұл жөнінде аудан әкімі Қайрат Әбдуалиевтің инвесторлармен болған кездесуінде белгілі болды. 

Қазіргі таңда 400,0 млн. теңге қаржы жұмсалып, дайындық жұмыстары жүргізілді. Қажетті құрал-жабдықтарды (турбина, генератор) дайындап орнату жұмыстарын жүргізу үшін Германия компаниясы мен «Келесгидрострой» ЖШС-гі арасында келісім-шарт жасалып, 820,0 млн. теңге қаржы аударылған. 

Германиялық компания өкілдері келіп, аудан әкімінің қабылдауында болды. Қажетті құрал-жабдықтарды (турбина, генератор) дайындап, осы жылдың қараша айында Германиядан алып келетінін және 1,5 – 2 айда орнату жұмыстарын жүргізіп, бітіретіндерін айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер