Діни экстремизмді болдырмау - басты мақсат

13-2.jpg

Жер бетіндегі дәстүрлі діннің ешқайсы жамағатын соғысуға, іріткі салуға үндемейді. Қайта дін адамзатты адал жолда жүруге, көршімен тату, ағайынмен бірге, айналаңмен үндесіп өмір сүруге шақырады. Бірақ, сол дін атын жамылып, айналаны бір біріне айдап салып қоятын теріс ағымдар қоғамнан тазармай тұр.

Сайрам ауданы Қарасу ауыл округінің әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен түрлі тақырыпты талдаған кездесу өтті. Оған Қарасу ауыл округінің әкімінің орынбасары Д.Сыдықов, ауылдың бас имамы А.Аминов, облысытық Дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ-нің Сайрам ауданындағы теолог маманы Ж.Битанов қатысып, өзекті тақырып төңірегінде пікірілерін айтты. Кездесу барысында "Дін экстремизм емес " тақырып талқыланды. Ал ауылдың бас имамы А.Аминов "Ханафи мазһабы" мен "мазһаб" сөзінің мағынасы жайында уағыз насихат айтты. Сырттан келгендердің біздің мазхабтың ұстанымына кереғар әрекет жасайтынын, өзгеше түсінік тарататынын айтты. Ауданның теолог маманы Ж.Битанов болса экстремизм сөзінің мағынасын талдап берді. Ол шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану,қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деген сөзді білдіреді. Кездесі пікірталас формасында өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер