Адал жол - честный путь» акциясы Арыста

24999-6-antikorrupcionnye_mero_ru.jpg

«Адал жол-честный путь» марафоны облыстың бар аудандарында кезекпен өтіп жатыр. Бұл – өңір тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа деген төзбестік мінезін, дағдысын қалыптастыру, іштей қарсылығын ояту үшін ұйымдастырылып жатқан шара. Қоғам сыбайлас жемқорлықтың іштен жейтін жегі екенін түсініп, соған жол бермейтін жолды ұстанған кезде – елдің әлеуметтік жағдайы жақсарады, бюджеттің қаржысы үнемделеді, адал нан тауып жейтіндердің қатары көбейеді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті бекіткен жоспарға сәйкес, Арыс қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Адал жол - Честный путь» акциясы аясында жиын өтті. Басты мақсат - қоғам дертіне айналған жемқорлықтан жирену, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Жиналысқа келген азаматтық ұстаным берік жандар өздерінің ұсыныс-пікірлері ортаға салынып, бірлесе әрекет ету жолдарын қарастырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер