Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлықты болдырмау басты назарда

Screenshot_1.jpg

Түркістан орблысы негізінен ауылшаруашылығымен айналысатын өңір. Қыс бойы солтүстік өңірлерді жылыжайда өсірген көкөнісімен қамтамасыз етсе, көктем шыға ерте пісетін бақша өнімдерін ұсынады. Тұрғындарының басым бөлігі ауылшаруашылығымен айналысады. Сол себепті де, өңірдегі ауылшаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлықтың болмағаны тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне мықты әсер етеді.

2018 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 10 тамызында «Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, жою жөніндегі ұсынымдар мониторингінің нәтижелерін талқылау. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен өткен конференцияға Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов төрағалық етті. Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Н.Наркабулов баяндама жасап, Департаментпен ауыл шаруашылық басқармасының, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау мен қадағалау инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы және агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының аумақтық бөлімдерінің қызметіне талдау нәтижелерімен таныстырды. Іс-шарада Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Бадырақов, Ветеринариялық бақылау мен қадағалау инспекциясы басшысының орынбасары Н.Усенбаев, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Б.Қалымбетов, Агроөнеркісіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция басшысының орынбасары К.Ажибеков талдау нәтижесімен берілген ұсыныстардың орындалуы бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ, конференцияда ауыл шаруашылық кешеніндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарында заманауи механизмдерді пайдалану мәселелері талқыланды және талдау қорытындылары бойынша есептері тыңдалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер