Абайды оқығаныныңыз - ұлттық нәрді бойға сіңіргеніңіз!

38996933_245398842757575_7593979552058048512_n.jpg

Мәдениеті өлген ел – өлген ел. Мәдениет, руханиятсыз кез-келген мемлекет түп-тамырынан ажырап, мәңгүртке айналары белгілі. Сондықтан да, жас өскіндерге ұлттық құндылықты дамытуға еңбек сіңірген арда азаматарды насихаттаған, бойларына сіңірген абзал. Сонда ғана елін сүйер ұлтжанды буын шоғыры қалыптасады. Елбасы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында руханият саласына қатысты көптеген тұщымды ойлар айтып, нақты тапсырмаларды жүктеді.

Аталған мақаладағы Елбасы тапсырмасына орай, бүгін Төлеби аудандық кітапханасында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылған күніне орай «Абайды оқимыз» атты фестивалі өтті. Абай – қалай мақтасаңыз да жарасатын тұлға. Оның қазақ халқы үшін істеген еңбегі ұшан-теңіз. 

Мерекелік іс шарада кітапхананың тұрақты оқырмандары Абай атамыздың қара сөздерін, лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқып қана қоймай, әндерін шырқады.

Сонымен қатар, ең ақылды балалар интелектуалды векториналық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.

Шараға қатысушылардың арасында әр жастағы орындаушылар – ең кішкентайларынан бастап, Абайды сүйіп оқитын отбасылық әулеттерге дейін болды. Көрермен қауым әрбір қатысушыны ықыласпен қарсы алды. Қазіргі ұрпақ Абай туындыларына қызығып, оқып өсіп жатқандары қуантарлық жәйт. Іс-шараның соңында аудандық кітапхана қызметшілері барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер