Созақ ауданында "Парасыз болашаққа - бірге" акциясы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мобильді топ елде-мекендерді аралап, тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіттеп жүр. Мобильді топ мүшелері алдымен шалғайдағы Тасты ауыл округінде болды. Сосын, Қыземшек кентінде келіп, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптастыру жөнінде жиын өткізді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын түсіндірген мобильді топ мүшелері ауыл азаматтарын нендей мәселе мазалайтынын да сұрады. Ауылды жерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып берді. Мінбеге көтерілгендердің барлығы да елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін нормативтік актілердің бар екенін, оны орындау міндет екенін айтты. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін азаматтардың өз құқығын қорғай білуі керек. Ол үшін қабылданған заңдардардан хабардар болғаны керек. Халыққа көрсетуі тиіс шенеуніктердің сол еңбегі үшін қосымша ақы талап еткен жағдайы болса, тиісті орындарға ескерту керектігі айтылды. Жиын барысында тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар таратылды.