Облыс әкімі мемқызметкерлерге жағдай жасауды тапсырды

whatsapp_image_2018-08-15_at_07.40.51_1.jpeg

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысқан соң, мемлекеттік қызметкерлер жаңа облыс орталығына көше бастады. 

Осыған орай, жақында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен Түркістан қаласында болып, көшіп баратын облыстық мемлекеттік мекемелердің ғимараттарын аралап көрді. Ондағы дайындығымен танысқан аймақ басшысы, көшу шараларын ширатуды тапсырды.

Облыс әкімі іссапары барысында нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен аралап көріп, жеделдетіп аяқтау керектігін айтты.

«Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін мемлекеттік мекемелерге тиісінше жағдай жасалу керек. Яғни, қызметкерлердің отырған жері ыңғайлы және барлық қажетті деген техникалық жабдықтармен жабдықталуы тиіс. Бұл жұмыстарды өте тездетіп атқару керек, себебі санаулы күндерден кейін осында жұмыс істейміз. Мұнда келген тұрғындарға тиісті барлық жағдай жасалуы керек», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жалпы Түркістан қаласына 1203 штаттық бірлігі бар 27 жергілікті атқарушы орган көшіріледі. Бүгінде облыстық басқармалардың басым бөлігі көшіп барып, жұмысқа кірісіп кеткен. Кеңсені жалға алу, пәтерді жалға алу, жалақыға үстеме, ғимарат жөндеуге Үкімет резервінен тиісті қаржы қаралған.

Қазіргі таңда 13 аумақтық органның өкілдері Түркістан қаласында халыққа қызмет көрсетуде.

Барлық мемлекеттік органдарды көшіру бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгінде мемлекеттік органдардың толыққанды жұмыс істеуі үшін тиісті коммуникациялық және байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер