Түркістанда жылыжай көбейеді

1287054472_teplica-1.jpg

Түркістан облысында халық саны жылдан-жылға өсіп келеді. Осы ретте, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шығады. Бұл жерде – жылыжай көмекке келеді.Жылыжай қысы-жазы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді.  

Осыған орай, бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтің түрік кәсіпкері Джемалеттин Шекермен кездесу барысында жылыжай мәселесін талқылады. Бұл істе Түркістандықтарға түрік кәсіпкерлері қолдау көрсететін болды.  

Түркиялық Dal Holding Investment CO. компаниясы жетекшісінің Қазақстандағы орынбасары және бас кеңесшісі болып табылатын Д.Шекермен жүздесуде облыс аймағында, оның ішінде, Түркістан мен Кентау қалаларында құрамдастырылған жылыжай кешенін салу жобасы сөз болып, оны жүзеге асыру жайы айтылды. 200 гектардан астам жерде жылыжай шаруашылығын дамытып, онда өсірілген өнімнің 80 пайызын экспортқа шығаруды жоспарлап қойған инвесторлар қалған көкөністерді ішкі нарықта саудалауды ойлап отыр.    

Шетелдік компанияның еліміздегі өкілінің таныстырылымын мұқият тыңдаған аймақ басшысы облыстағы жауапты сала басшыларына тиісті қолдауларды көрсетуді тапсырды. Әсіресе, Жансейіт Қансейітұлы жылыжай кешенін салушылардың көгілдір отын, электр қуаты сынды қажеттіліктерінің тарифін қымбаттатпай, оңтайлы шешіп беруді жүктеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер