Түлкібаста құрылысшыларға құрмет көрсетілді

39835064_533951357056880_6096871127970217984_n.jpg

Соңғы 3-4 жылда Түркістан облысы, Түлкібас ауданда көптеген әлеуметтік нысандар салынып, сапалы және мерзімінде аяқтап, пайдалануға берілуде. Қарышты даму жолына түскен ауданда қазіргі заманға лайықты сәулетті ғимараттар қатары күн сайын өсу үстінде. Ел Тәуелсіздігінің 27 жылында Түркістан аудандағы алақандай ауылдарда еңселі, заман талабына сай зәулім білім ошақтары мен балабақшалар, медициналық нысандар, мәдениет үйлері мен әкімшілік ғимараттары бой көтерді. Жалпы ауданда ел егемендігі жылдарында 19 млрд 200 млн теңгеге 167 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, әрбір ауылда парктер мен аллеялар басқа да нысандар салынып ел игілігіне пайдалануға берілді. Әрине, мұның бәрі - құрылысшылардың арқасында екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан да, құрылысшы мамандығын игергендерді қалай құрметтесек те жарасады.

Осыған орай өткен аптаның жұма күні аудандағы жұмысшылар қалашығы Састөбе поселкесінде жылдағы дәстүрге сай құрылысшылар күніне байланысты мерекелік іс-шара болып өтті. Шарада аудан әкімі Н.Тұрашбеков барша құрылысшыларды мерекемен құттықтап, үздік құрылысшыларды Алғыс хатпен марапаттады. Н.Тұрашбеков: 

- Биылғы жылы ауданымызда аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында 250 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы, Састөбе поселкесінде 64 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы басталып, жалпы 320 пәтер ел игілігіне берілмек. Сонымен қатар, әкімдік ғимараттар мен мәдениет үйлерінің құрылысы жүруде, - деді. 

Жиында сондай-ақ аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев пен Састөбе цемент зауытының акционері Ж. Бөкенбаев сөз сөйлеп, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтармен құрылысшыларды марапаттады. 

Аудандағы әрбір ғимараттың сәнді де сәулетті болуына өзіндік үлес қосып жүрген құрылысшылар аудандық Мәдениет бөлімінің өнерпаздары дайындаған концертік бағдарламасын тамашалады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер