Сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі

Korrupt2.jpg

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жылдан-жылға күшейіп, оны тар құрсауға алып келеді. Барлық салада сыбайлас жемқорлықтың аясы тарылып, жойылуға айналды. Осы нәтижені ескере отырып, сыбайлас жемқорлықты күресті одан әрмен күшейткен абзал.

Жақында Түркістан облысында бюрократиялық кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асырыла бастады. Бұл жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Сыртқы істер және Инвестициялар және даму министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Оның басты мақсаты — ел экономикасына инвестициялардың келуін жеңілдету, жемқорлықты болдырмау болды. 

Түркістан облысы бойынша алғашқы болып  «Golden Camel Group LTD» ЖШС жобаға қатысуға ниет білдірді. Осыған орай, жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев пен аталған серіктестіктің директоры Янг Джи жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз сөзінде облыстың бірқатар кәсіпкерлеріне жоба таныстырылғанын, оған қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлық деректерінен 100 % қорғауға кепілдік берілетіндігін жеткізді. 

«Golden Camel Group LTD» ЖШС директоры бизнесті қорғау, оларға қолайлы инвестициалық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету бойынша жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге кез келген инвестор қатыса алады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер