Облыс әкімі өңірдің ахуалы жөнінде есеп берді

Screenshot_1.jpg

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Мұнда Үкімет басшысы республика аймақтарындағы жағдайдың барысы туралы әрбір облыс, қала әкімдерінің мәліметтеріне қанықты. Отырыс барысында Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев жол картасын іске асырудың нәтижесінде, өзектендірілуі тиіс облыстағы адамдардың саны 626 мыңды құрайтынын жеткізді деп хабарлайды Түркістан облысының баспасөз қызметі.

- Қазіргі таңда оның 70 пайызы, яғни 436 мыңы өзектендірілді. Өзектендірілуге тиіс қазір 30 пайыз, яғни 190 мың адам. Бұл 190 мың адамның 90 пайызы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар. 6,5 пайызы үй шаруасындағы әйелдер. 2,2 пайызы мәртебесі анықталмағандар. 1 пайызы бала күтіміндегі әйелдер, студенттер және қайтыс болғандар. Бейресми жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар бойынша нақты іс-шара жоспары түзілді. Нәтижесіз жұмыспен қамтылған және жұмыссыз азаматтарға еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде 65 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланды", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы 2018 жылдың 27 тамызына мәртебесі анықталған 18,3 мың адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілгенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 18466 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа жолданғанын жеткізді.  

Аймақтардың аталған мәселе аясындағы баяндамаларын тыңдаған Б.Сағынтаев формальді емес жұмыспен айналысатын адамдарды ел экономикасына тарту жұмыстарын жалғастыруды барша облыс әкімдеріне тапсырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер