Өңір тарихын білу — азаматтық парыз

40500773_1795238860592445_7147543183679815680_n.jpg

Өз елінің тарихын білмеген ұрпақтан еліне жаны ашитын азамат шыға қоюы екіталай. Сондықтан да оларға кішкентайынан өз елінің тарихын үйретіп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру керек. Ол үшін жа өскін ең бірінші туған жерінің географиялық ахуалын біліп алғаны абзал. Сонда ғана ол барынша терең ойлана алатын болады.

Осыған орай, жақында Түркістан қаласында орта мектептердің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті. Елбасының » Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кітап облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен шығарылған. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың айтуынша, бұл оқулық оқушылар үшін өте пайдалы. Себебі,  оқулықта өңір тарихы мен географиясы, мәдениеті мен әдебиеті толық қамтылған. Алдағы уақытта бұл кітап облыс мектептеріне жеткілікті деңгейде баспадан шығарылады.

Бұл оқулықты Өмір Шыныбекұлы, Бибайша Бейсетаева, Күлімхан Сейілбекова, Жанар Ширманова сынды білікті мұғалімдер құрастырған. Оқулық “Өлкетану” және “Краеведение” деген атпен екі тілде жазылған. Қазір кітап мемлекеттік сараптамадан өтіп, баспаға жіберуге дайын тұр.

Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік орталық ұйымдастырған жиында ұстаздар мен сарапшылар «Өлкетану» оқулығының маңыздылығына тоқталып, жаңа пәнді оқыту бойынша пікір алмасты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер