Түркістан облысында руханият өкілдеріне жайлы жағдай жасалады

20180907_163523.jpg

Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың мәжіліс залында «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Оған зиялы қауым, өлкетенушылар, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, ұстаздар мен ғалымдар қатысты. Жиынды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық басым бағыттары бойынша нақтылы жұмыстар атқарылды. Облыста өңірлік комиссия, сарапшылар кеңесі мен Жобалық кеңсе құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Биыл Түркістан облысының 25 қаламгерінің жеке сайттары әзірленіп, өңірдегі 10 ақын-жазушының кітаптары шығарылады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында 3 анимациялық және 1 кинофильм түсіріліп, республикалық деңгейдегі 10 сарапшының зерттеу мақаласы әзірленеді. Сонымен қатар, «Таңбалы тастар — бабалар ізімен» Түркістан Қаратау жотасы бойынша баспасөз туры өткізіліп, «Өлкетану» облыстық сайты ашылады. Тағы бір айта кетерлігі, «Таңғажайып Түркістан» атты әлеуметтік желі қолданушыларының байқауы ұйымдастырылады, — деді басқарма басшысы.

Жиында «Өлкетану» жобасының авторларының бірі, тарихшы ұстаз Өмір Шыныбекұлы, «Южный Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары Кеңесбай Исмаилов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, белгілі шежіреші-қаламгер момбек Әбдіәкімұлы мен «Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы Оңғар Тәжиевтің пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, өзге де азаматтар өз ойларын ортаға салып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын айтты. Ұсыныстар мен ойлардың маңыздылары ескеріліп, өңірлік Жобалық кеңсенің жұмыс жоспарына енгізіледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер