Өңірде заманауи инсульт орталығы пайдалануға берілді

insult.jpg

Заман күннен-күнге дамып келеді. Заманмен ілесе, ғылым-білім де түрленіп, жаңарып жатыр. Соған орай, түрлі орталықтар да заман ағымына сай өзгеруде. Әсіресе, медициналық орталықтар. Бұл – уақыт талабы. Себебі, адам денсаулығы бәрінен де маңызды. Денсаулықты күтуде, емдеуге осындай заманауи орталықтардың алар орны ерекше.

Жақында Түркістан облысы, Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты.

Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік  томографиямен жабдықталды. Заман талабына сай жаңа қондырғы инсульт пен бас ми жарақатын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін Кентау қаласының тұрғындары Түркістан қаласына қатынап ем алуға мәжбүр болған.

- Компьютерлік томография ауруды алғашқы белгілерінен - ақ анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың көмегімен бастағы ісіктер мен қабыну процесін, сүйек құрылымындағы аурулардың ауыр жағдайының өзін нақты табуға болады, - дейді мамандар. Мұнда кеудедегі, құрсақ қуысы мен асқазан, аш ішектің,  мұрын қуысы мен бүйректегі ауытқуларды тексеруге болады.

Жапондық Optima 540 компьютерлік томографиясы облыстық бюджет есебінен 269 млн. 500 мың теңгеге сатып алынып орнатылған. Енді науқастар алысқа сабылмай-ақ, облыс орталығының маңындағы Кентаудан денсаулықтарын тексертіп, бойындағы кінәраттарға сапалы сараптама жасата алады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер