"Адал жол" эстафетасы Кентауға тапсырылды

1519814522_-.jpg

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – күн тәртібінде тұрған мәселе. Жемқорлықпен күресте бір сәт те босаңдық танытуға болмайды.

Осыған орай, Түркістан облысында барлық аудан, қалаларда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Адал жол» марафоны бастау алған болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен мемлекеттік саясатты насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан «Адал жол» эстафеталық марафонын Отырар ауданы Арыс қаласынан қабылдап алып, ауданда түрлі форматта флешмоб, автошеру, дөңгелек үстелдер мен семинар сынды бірқатар іс-шаралар ұйымдастырғаны белгілі. 

Бүгін «Адал жол» эстафеталық марафонының тізгіні имандылық пен тазалықтың ұясы болған, қазақ өркениетінің алтын діңгегіне баланған киелі Отырар ауданынан қарт Қаратаудың етегіндегі кенді қала кентаулықтарға табысталды деп хабарлайды аталған департаменттің баспасөз қызметі.  

Аталған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев және аудандағы мемлекеттік қызметкерлер қатысты. 

Шара барысында Отырар ауданында өткен «Адал жол» эстафеталық марафонында белсенділік танытып, атсалысқан бір топ мемлекеттік қызметкерлер аталған департаменттің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ шарада аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков пен ауданның бас имамы Әлижан Бекбауов жемқорлықтың адамзат баласына тигізер зардабы жайында ойларын айтса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Мерей Әметбек аудан жастарын ата-бабамыз аманат еткен адалдық, тектілік жолынан адаспай, қандай істе болмасын адал болуға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер