Адалдық - мемлекеттің дамуының кепілі

40139635_469499450218107_760134307162357760_n.jpg

Елдің экономикалық дамуын тежейтін сыбайлас жемқорлық – қай заманда болмасын, қоғамға орасан зор зардабын тигізген. Адамзат баласын азғындатып, қоғамды жегіқұрттай жаулап, іштен ірітіп-шірітетін сыбайлас жемқорлық көріністерінің абырой әперген кезі жоқ.

Тәуелсіздікке қол жеткізген 27 жылдан бері осы бір жағымсыз дертпен күрес ешқашан бәсеңсіген, толастаған емес. Жеті басты жыландай қауіпті дерттің бетін қайтарудың әртүрлі жолдары тұрақты түрде өткізіліп келе жатса да өкінішке қарай жемқорлық көріністері қылаң беріп қалып жүр. Әрине, бұл дертке қарсы батыл күрес ешқашан тоқтамауы тиіс. Осы жолда нақты іс-шаралар өткізілуде.

Осыған орай, жақында «Адал жол» марафон аясында өткізілген дөңгелек үстелде Отырар ауданының аудан әкімі Ерлан Айтаханов сыбайлас жемқорлық дертіне шалдықпас үшін әр адам адалдық пен тазалықты жастайынан бойына сіңіріп өсу керектігін айта келіп, тәрбиенің, түсініктің түпқазығы отбасында, балабақшада жатқандығына нақты мысалдар келтірді. Жастармен еркін пікір алмасқан аудан басшысы әсіресе жемқорлықтың ішінде рушылдық сияқты жағымсыз көрініске жол беруге болмайтындығын қадап айтты. 

Жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының сектор меңгерушісі Жазира Ержанова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев, ауданның Құрметті азаматы Мәрия Белгібай, ауданның бас имамы Әлижан Бекбауовтар күн тәртібіндегі мәселеге байланысты өз ойларын ортаға салып, тағылымдық тұрғыда сөз қозғады. Бұл марафон келушілердің санасына сәуле құюда зор ықпал жасады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер