Жұртқа зор көңіл-күй сыйлаған фестиваль өтті

5b95f0d59aa4f.jpg

Адам үшін ең басты байлық болып саналатын – денсаулықты күту өте маңызды. Денсаулықсыз күн жоқ. Денсаулық болмаса жұмыс та жүрмейді. Еңбек өнімділігі төмендейді. Сондықтан да, денсаулықты күту керектігін, салауатты өмір салтын насихаттаған абзал.

Жақында осы мақсатта Түркістан облысы, Төле би ауданында "Жастық" стадионында "Денсаулық сандарына жет" ұранымен Салауатты өмір салты фестивалі өтті. Фестивальға аудан тұрғындары, мекемелер, кәсіпорындар мен мектеп және колледж студенттері қатысты. Фестиваль қатысушылары спорттық іс-шараны жалпы жаттығудан бастады. Бұл жаттығу тұрғындарды сергітіп, бойларына қуат жүгіртті. Артынша фестивальда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаттықтырушылары мен жоғарыда аудандағы білім беру мекемелерінің дене шынықтыру пәні оқытушыларының жетекшілігімен спорттық іс-шараға қатысушылар арасында футбол, баскетбол және волейбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Айта кету керек, салауатты өмір салты кеңінен насихатталған бұл фестиваль Төлеби аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастамасымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шарада ауданның мектеп оқушылары мен жастарын спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу – басты мақсат болды. Сонымен қатар, жастарға әсер ететін жағымсыз факторларға қарсы насихат жүргізу және олардың жағымды және пайдалы әуестенуге деген қызығушылығын арттыру да негізгі назарда ұсталды. 

Жарыстан кейін жеңімпаз командалар және жеке көзге түскен спорттық іс-шараға қатысушылар естелік сыйлықтармен, спорттық құрал-сайман, дипломдармен және кубоктармен марапатталды. Осылайша, фестиваль өз миссиясына жетті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер