Әлеуметтік жағынан аз қорғалған балаларға көмек көрсетілді

Screenshot_1.jpg

Балалар қашанда мейірімге мұқтаж. Қазақта сөз бар, жеті жасқа дейін балаңды ханыңдай күт деген. Осыдан-ақ, жас балаға ең бірінші кезекте тұрақты назар, ыстық ықылас, мейірім, қамқорлық керек екенін білуге болады. Осыған орай, жақында Түркістан облысы, Кентау қаласында республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында "Жүрегім мейірімге толы" атты жиын өтті. Тұла-бойы мейрімге тұнып тұрған жиынға Қалалық білім бөлімінің ұйымдастырған іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расул, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев, "Нұр Отан" партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков, қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков, қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Садуов және жеке кәсіпкерлер қатысты. 

2018-2019 оқу жылына бюджет есебінен 155 оқушыға 2489000 теңге бөлініп, балалардың білім алуына қажетті мектеп формалары, мектепке қажетті құрал саймандары алынды. Сонымен қатар демеушілер есебінен 200 оқушыға мектеп формасы, спорт формасы, сумка және қажетті құралдар берілді. Мәселен, кәсіпкер А.Қошқаров пен Г.Мамашарипова 30 балаға толығымен киім алып берсе, «Армантай» балабақшасының құрылтайшысы Е.Қарнақбаев 1 сыныпқа баратын 20 оқушыны киіндіріп түрлі сыйлықтар беріп қуантты. Акция қалалық жастар орталығында жалғасын тапты. Мұнда қалалық орталық мешіт жамағаты «Уасиля» және «Зекет» қорымен бірігіп әлеуметтік жағынан аз қорғалған 90 балаға мектепке керекті киімдер мен қажетті заттар сыйлады. Көңіл-күйлері ерекше сергіген балалар қамқор ағаларына зор ризашылықтарын білдірді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер