Жұмысы бар азамат - мемлекеттік зор байлығы

Screenshot_4.jpg

Азаматтарды жұмыспен қамту - кезек күттірмейтін іс. Себебі, жұмыссыз жүрген азамат - экономикалық белсенділігі жоқ адамдар қатарында болады. Мұндай адамдардан мемлекетке еш пайда болмайды. Сондықтан да еліміздегі әрбір азамат жұмыс істеп, нәпақа тауып, отбасын асырап және мемлекет қазынасына салық төлеп жатса, мемлекет әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылар еді.

Осыған орай, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 400 бос жұмыс орны ұсынылды. Дәлірек айтсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтаған тұрғындар жұмыспен қамтылды. 

Бағдарлама қатысып, жаңа кәсіпті игерген 1000-ға жуық маман бүгінде тігінші, кондитер, шаштараз, аспаз, құрылысшы, сантехник және өзге де мамандықтарға машықтанған. Оларға арнайы куәлік тапсырылды. Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашеваның айтуынша,  «Әр ауылға өз шебері» жобасы бойынша 1600-ден аса адам оқып, оның 1035-і жұмыспен қамтылған. 27 мамандықты игеру үшін 1080 адам үш ай мерзімге оқуға жолданған.

Сарыағаштықтар жұмыссыздықты жою мақсатында қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыруда республика бойынша алдыңғы қатарда келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер