Арыста сан емес, сапа қуған кәсіпорындар артуда

Screenshot_3.jpg

Қазақстан өте бай мемлекет. Себебі, мұнда Менделев кестесіндегі барлық элементтер бар. Оның ішінде, Түркістан облысы, Арыс қаласында денсаулыққа өте пайдалы минералды су көзі бар. Бүгінде осы табиғи байлықты елге қолжетімді ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. «Арыс минералды су» ЖШС бұрынғы ескі цехты жаңартып, құрылысын биыл аяқтады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қыметі хабарлайды.

Кәсіпорын директоры Руслан Полатханұлының айтуынша, арнайы ыдыстарға мен құтыларға құйылған минералды су Арыс қаласымен қатар Түркістан облысының аудан, қалаларына тасымалданып жатыр. Алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлеріне де шығару жоспарда бар. Олар бәсекелестіктен қорықпайды. Себебі, сапалы тауарға сұраныс ешқашан азаймайды. Осыған орай, кәсіпорын ең бірінші кезекке санды емес, сапаны қойып отыр. Нәтижесінде, клиенттер саны күннен-күнге артып келеді. 

Кәсіпкер осы минералды суды өндіру жобасын жандандыру үшін «Даму Өндіріс-2» бағдарламасы аясында 20 млн. теңге көлемінде несие алған. Бүгінде мұнда 50 адам жұмыс істейді. Олардың орташа жалақысы — 60 мың теңге. Сонымен қатар, серіктестік меншігіндегі монша да қайта жаңартылыпты. Оған 30 млн. теңге инвестиция салынған. Қазір бұл монша бір мезгілде 80 адамға қызмет көрсетеді.

Осылайша, аталған кәсіпорын жұмыссыз жүрген қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, ел қазынасына салығын уақытылы төлеп отыр.

Фото: Азат Дидарбек

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер