От жағып, күл шығару деген енді болмайды

Screenshot_1.jpg

Бірер жылда Арыс қаласының халқы от жағып, күл шығарудан түгелдей құтылады. Бұған дейін көгілдір отыны болмаған шаһарда алғаш рет газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Арыс қаласы, Ақдала және Қожатоғай ауылдық округтеріндегі елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаруаларға деп облыстық бюджеттен 88,9 млн. теңге қаржы бөлінген.

- Бірінші кезең бойынша нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен биыл 884,0 млн теңге, 2019 жылға 500,0 млн теңге, 2020 жылға 1581,0 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарына республикалық қазынадан биылға 719,8 млн теңге, 2019 жылға 219,7 млн теңге қаржы бөлінуде. Ал, кезеңде 567,0 млн. теңгені игереміз деп отырмыз. Егер осы жұмыстар аяқталса, қаламыздың 50 мыңға жуық халқы көгілдір отынға қол жеткізеді. Жалпы 2018-2025 жылдары қалаға қарасты 26 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл қала халқының 99,5% құрайтын болады, – деді Арыс қаласының әкімі Қадырбек Мұрат журналистермен болған бүгінгі кездесуде.

Сондай-ақ, онда ауыз су мәселесі де оңтайлы шешілуде. Қазіргі таңда қаланың Талдықұдық және Отырар тұрғын ауданындағы магистралды су өткізгіш тораптарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы сметалық құны 803,024 млн. теңгені құрайтын мемлекеттік сараптама қорытындысы шықса, өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған. Жоспар бойынша нысан жыл соңына дейін тапсырылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер