Адал ұрпақ - ел келешегі

Screenshot_2.jpg

Жемқорлықпен күресті ерте жастан бастау керек. Ең тиімдісі, оның алдын-алған абзал. Кішкентайынан жемқорлықтың лас нәрсе екенін біліп өскен бала өскенде оған жолай қоймайды. Сондықтын да, балаға ес білгенінен бастап санасына адалдық ұғымын сіңіре берген жөн.

Осыған орай, бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті.

Жиынға облыстық білім беру ұйымының басшылары мен облыстың барлық 16 ауданынан келген 800-ден аса «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері қатысты. Шараның мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Жиында сөз сөйлеген Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев «Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан отансүйгіштікке, білім мен еңбекке ұмтылуға, адалдыққа тәрбиелеу парызымыз. Бұл сезімдер біздің халқымызда ежелден бар қасиет. Сондықтан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет» - деді. 

Сондай-ақ, Ғ.Тұрсынбаев Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отырған облыстық слетте барлық ұстаздарға оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуда қосып жүрген еңбектері үшін алғыс білдіріп, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-аналары мен ұстаздарынан тиісті үлгі алу керектігін шақырды.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер