Ірі кәсіпкерлер Түркістанның жүгін бірлесе көтереді

Screenshot_3.jpg

Қазақстандағы ең жас – Түркістан облысы аяғынан енді тұрып келеді. Оған аяқтан тұруға еліміздің алпауыт компаниялары асарлата көмектесіп, бір-бір нысан салып беретін болды. Осылайша, олар Түркістан облысының халқына артылған жүкті жұмыла көтеріп, бірліктің ерен үлгісін көрсетпек. Әрине, бұндай игіс іске Елбасы Н.Назарбаев мұрындық болды. Ол аталған облысқа жасаған ресми жұмыс сапары барысында компания басшыларына Түркістанды түлету керектігін айтты.  

Елбасы «Базис-А» компаниясының басшысы Александр Беловичке Түркістанға әдемі, әмбебап театр салу қажеттігін айтты. Ал, ENRC басшыларының бірі Патох Шодиевке Түркістанда әлемдік деңгейдегі Түркі халықтарының музейін салып беру жөнінде тапсырма міндет жүктелді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевқа халықаралық талапқа сай үлкен стадион салу жөнінде тапсырма берілді. Айдын Рақымбаев басқаратын BI Group компаниясы Қазақ хандары мен билерінің, батырларының  орталығын ашып берсе,  «Хайвилл Қазақстан» компаниясы тұрғын үй кешенін салуға кіріседі.  «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы жастар сарайын қолға алса, «KEGOC» Қожа Аxмет Ясауидің шағын музейін салып береді. 

Сондай-ақ «Қазпошта» АҚ Түркістанда заман талабына сай почта бөлімшесі мен цифрлық кеңсені қолға алса,  «Қазақтелеком» Smart теxнологияларды енгізеді. Кәсіпкер Данияр Абылғазин су спорты кешенін салуға уәде берсе, Нұрлан Смағұлов көлік салонын ашып береді. Және көптеген кәсіпкерлер Елбасыдан нақты тапсырма алып, оны орындайтындарын жеткізді.

Жиын мәресіне жақындағанда Н.Назарбаев:

- Түркістанды заманауи технологияларды қолдана отырып, төл мәдениетімізге сай қайта жаңғырту керек. Сосын Түркістанды дамыту қорын да құрған дұрыс. Кім қолдау жасауға дайын, сол ақшаны аударсын.  «Көз — қорқақ, қол — батыр» демекші, осының бәрін бір-екі жылда бітіретін болсақ, Түркістан жайнап шыға келеді, - деді.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер