Өңірде сыбайлас жемқорлық фактісі 2 есе азайған

Screenshot_1.jpg

Сыбайлас жемқорлық деген әрқашан болған. Адами фактор орын алатын жерде мұндай қылмыс түрі болатыны анық. Осыған орай, онымен күрес те бәсеңсімейді. Керісінше, жылдан-ыжлға күшейеді. Заң қатал. Қылмыскерге ешқандай аяушылық болмайды. Соңғы жылдары коррупциямен күрес өз нәтижесін беріп келеді. Жылдан-жылға аталған қылмыс түрімен болған фактілер азабда. 

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткен жиында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейінің азаюы жөнінде көптеген мәліметтер келтірді.

Сонымен, облыстық білім басқармасының басшысы И.Сағындықовтың мәліметінше, 2018 жылдың 8 айында облыс аумағында білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғаларымен жасалған 6 сыбайлас қылмыстық іс тіркелген. Оның 4-уі мектеп директорлары болса, 1-уі техникалық қызмет көрсетуші мен бір жетекші маман тартылған. Әрине, бұл өкінішті жайт. Дегенмен, бұл былтырғы тиісті мерзіммен салыстырғанда оң көрсеткіш. Өткен жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 11 жағдай тіркелген болатын. Нәтижесінде, өңірдегі сыбайлас жемқорлық оқиғасы 5-ге кеміп отыр. Бұл шамамен қылмыс 2 есе азайды дегенді білдіреді. 

Әрине, жаман айтпай жақсы жоқ, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков мектеп директорларын пара алмауға шақырып, ал пара алған адамның жағдайы қиын болатынын жеткізді. Ал, департамент өкілдері нақты статистикалық деректер келтіріп, сыбайлас жемқорлық фактілері елімізде азайып келе жатқанын, енді осы қарқынмен жалғаса берсе, Қазақстан жуық арада дамыған өркениетті елдер қатарына кіретінін айтты. Әрине, ол үшін әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, адал жұмыс істегені абзал. Жиынға қатысушы мектеп директорлоры ұрпақ тәрбиелеуде олардың бойларын адалдық қасиетін сіңіретіндерін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер