Еңбектің наны тәтті

IMG_0850-567x330.jpg

Басшы ел ішінде жүрсе, көптеген мәселені өз көзімен көріп, оны шешу жолдарын қарастырады. Әдетте мұндай мәселелер тез шешімін табады. Өйткені, әкім онымен бетпе-бет кездескен соң, оны жан-жақты қарап, бүкіл ньюанстарын ой елегінен өткізіп, мәселені шешуде ұтымды идея табады. Мінекей, осы мақсатта Түркістан облысының әкімі аудандарды аралап, аймақтарда ашылып һәм жұмыс істеп жатқан түрлі нысандардың әлеуетін бағамдап, халықтың жай-күйімен танысуда. 

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Мұнда өңір басшысы Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Жабай ата» шаруа қожалығының жылыжай кешеніне барды. Жылыжайда көкөніс өсіруде озық технологиялар қолданылып жатыр екен. Құны 1,8 млрд. теңге болатын жоба бойынша 15 гектар жерге қызанақ пен қияр егілген. Шаруа қожалығында 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылармен тілдескен Ж.Түймебаев:  

– Бұрын жоғары технологиялар қолданылған жылыжайлар шетелде ғана болушы еді, қазір Сарыағашта да бар. Облыстағы жылыжайлардың 50 пайызға жуығы осы ауданда шоғырланған. Бұл жөнінен Сарыағаш өзгелерге үлгі бола алады. Елбасымыз Түркістан облысының диқандарына бүкіл Қазақстанды жеміс-жидек пен көкөніспен толық қамту жөнінде тапсырма берді. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен шаруаларға түрлі жеңілдіктер жасалып жатыр. Нәтижесінде бұрын шетелден тасымалданатын жемістер мен көкөністер өзімізде шығарылуда. Сондықтан осы бағытта жұмысты күшейте береміз. Мемлекет тарапынан қолдау болады, - деді.

Өңір басшысы өз істерін дөңгелетіп, тек өздерін емес, бүкіл өңірді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған еңбекқор сарыағаштықтарға ризашылығын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер