Аудандық ауруханаға жедел-жәрдем көлігінің кілті табысталды

Screenshot_3.jpg

«Ең бірінші байлық – денсаулық» демекші, елімізде медицина саласын дамытқан аса маңызды. Медициналық қызмет сапасы жақсарғанда, адам денсаулығы да жақсаратыны сөзсіз. 

Осыған орай, жақында Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай орталық ауруханаға көлік кілтін сыйлады. 

– Мемлекет басшысының саясаты ең алдымен Ата заңымызда көрсетілгендей, еліміздің басты байлығы саналатын халқымыздың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Осы мақсатта отандастарымыздың өмір жасын ұзартуды тапсырды. Ауруды дер кезінде асқындырмай емдеп, алдын-алудың амалдарын қарастыруды міндеттеді. Талапқа сай отандық медицинаны дамытып, қолайлы жағдайлар жасалуда. Сіздердің көмектеріңізбен адамдарға денсаулықтарын қалай күту керектігін айтып, түсіндіріп жүрміз. Осының бәрі ел үшін! Жақсылыққа үндейтін жақсы істерімізді жалғап, Түркібасы деп түзеп атап жүрген Түлкібасы ауданының 90 жылдық тартуы ретінде сіздерге жедел жәрдем көліктерін табыстаймыз. Бұл жұмыстарыңызды бұрынғыдан да ширата түсетініне сенімдімін, - деген облыс әкімі ақ халатты абзал жандарды құттықтады. 

Өз кезегінде аурухананың бас дәрігері Бақыт Кеңесбекұлы:   

– Көптің көзінше көліктер табыстау сеніммен қатар жауапкершілікті арттырды. Облыс басшысы айтқандай, ел игілігі жолында аянбай қызмет етеміз, - деп уәде берді. 

Бүгінде Түлкібас аудан халқының 98 пайызында электронды денсаулық паспорты бар. Келесі жылдан бастап қағаз қолданбайтын жүйеге көшу медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырады. Бұл бағытта КМИС бағдарламасы бойынша 218 дәрігер, 192 орта буынды медицина қызметкерлері оқытылса, 250 орта буынды медицина маманы компьютерлік сауаттылықтарын жетілдірді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер