Көне Түркістан көшелері тарихтан сыр шертеді

Screenshot_1.jpg

Ұлы дала төсін мекен еткен қазақ халқының тарихы өте бай. Өз елінің тарихын білу - өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Осыған орай, Мемлекет басшысы Астана қаласындағы көше аттарын Ежелгі Сақ, ежелгі Дешті қыпшақ, ежелгі қазақ даласын еске түсіретін көптеген емісдермен, детальдармен атады. Осылайша, Елбасы бастап, қолдап-қуаттаған осы үрдіс бірнеше мың жылдық тарихы бар Түркістан облысына келіп жетті. Түркістан қаласындағы «32-Разъезд» елді мекені Қарсақты елді мекені болып өзгертілсе, «30-Разъезд» елді мекені Ескі Сауран деп аталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы аты жоқ 330 көшеге атаулар берілді. Осыған сәйкес, облыс орталығында Күлтегін, Қазтуған жырау, Ханқорған, Алты Алаш, Мәңгілік Ел, Елім-ай, Болат хан, Күлтөбе және өзге де көшелер пайда болады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен Қоғамдық кеңесте белгілі болды.

Жиынның күн тәртібінде 7 мәселе талқыланды. Бірінші мәселе бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, Түркістан қаласының дамуы туралы сөз қозғады.

- Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» және «Түркістан облысы Түркістан қаласының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы да қолдау тапты. Осы шешімге сәйкес, Түркістан қаласындағы «32-Разъезд» елді мекені Қарсақты елді мекені болып өзгертілсе, «30-Разъезд» елді мекені Ескі Сауран деп аталады. Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы аты жоқ 330 көшеге атаулар берілді. Осыған сәйкес, облыс орталығында Күлтегін, Қазтуған жырау, Ханқорған, Алты Алаш, Мәңгілік Ел, Елім-ай, Болат хан, Күлтөбе және өзге де көшелер пайда болады, - деді Жансейіт Түймебаев.

Нәтижесінде, Түркістан қаласының көшелері тарихи атаулармен аталып, жұртшылыққа ерекше әсер сыйлайтын болады. Бұл өз кезегінде туристерді тартуға да өз септігін тигізеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер