Ауылдық округтердің даму үрдісіне қан жүгірді

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысында жаңа құрылған Келес ауданы күннен-күнге түрленіп, дамып келеді. Әсіресе, құрамында 14 елді мекенді қосқан Ақтөбе ауылдық округінде жұмыс жанданып жатыр. 

Аталған ауыл округінде жалпы тұрғын үй саны - 3105, халық саны - 23533 адамды құрайды. Ауылдық округ бойынша 9 орта, 2 бастауыш мектептері, 1 ауылдық аурухана, 4 ауылдық дәрігерлік емханасы, 2 мемлекеттік және 8 жекеменшік балабақшалары, 2 мәдениет үйі, 3 ауылдық кітапхана бар. Округтің 14 елді мекені табиғи газбен толығымен қамтылған. Ақтөбе ауылдық округі Ынтымақ елді мекеніне ауыз су құрылысын жүргізу үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) дайындалуда. Сонымен қатар 14 елді мекенді сапалы электр желісімен қамтамасыз ету үшін сәулет жоспарлау тапсырмасына (СЖТ) қажетті құжаттар жасалуда. 

Биыл мұнда ауыл шаруашылық тауарларын өндіретін өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке шаруа қожалықтардың егістік жерлеріне 1831 га дәндік жүгері, 154 га бұршақты астық, 335 га картоп, 800 га көкөніс, 53 га бақша, 80 га майлы дақылдар, 50 га техникалық дақылдар, 317 га мал азықтық дақылдары егілген. Округ аумағында үй іргелік 7,10 га жерлеріне жылыжай орнатып қызанақ және қияр егіп өнім алып жатқан азаматтар бар. Ақтөбе ауылдық округі аумағында мал шаруашылығын түрлендірумен айналысып жатқан жеке кәсіпкерлер бар. Олар «Сыбаға» бағдарламасымен және өздерінің қаражатымен асыл тұқымды бұқа және қошқар алып малдарын түрлендіруде.

Елбасы Жарлығының арқасында Келес ауданының бойына қан тарап, жұмыс жаңа қарқын алды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер