Түлкібас тек алмасымен емес, бекіре балығымен де мақтанады

Screenshot_11.jpg

Түлкібас – тек алмасымен ғана емес, бекіре балығымен де өңірге танылып келеді. Себебі, мұнда бекіре балығын өсіруді мықтап қолға алған. Табиғаты қолайлы, суы мол әрі тұщы, төңірегі жасыл-желек, ауасы ылғал ауданда бекіре жылтырап өседі.  

Осыдан 5 жыл бұрын ауданда Индустриалды карта аясында ашылған "Аксанат-инжиниринг" ЖШС балық кәсіпорны бүгінде қанатын кеңге жайып отыр. Қазір мұнда жылына 40 тонна балық еті мен 30 келіден аса уылдырық өндіріледі. Жалпы кәсіпорын толық қуаттылығына көшкенде 60 тонна бекіре мен 40 тонна фарель өсіруге қауқарлы. Өндіріс цехтарында 8 дөңгелек, 7 төрт бұрышты бассейндер орнатылған. Теңіз балығының көбеюіне барынша жағдай жасаған шаруашылықта суды тазалау, жем салу жұмыстарының барлығы автоматтандырылған. Жоба құны 452 млн теңге. Болашақта мұндағы балық санын көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыру көзделуде. 

Балық кәсіпорнының бас маманы Андрей Вадимовскидің айтуынша, қазіргі таңда балық және балық өнімдері ел аумағында ғана сатылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз қалаларына жібереді. Форель балығын демалыс орындарына, мейрамханалар мен дүкендерге өткізеді. Болашақта өнімдерімізді экспортқа шығарсақ деген жоспарлары бар.

Қанатын кеңге жайып келе жатқан кәсіпорын балықтары алдағы уақытта Еуропа елдеріне жеткізіліп, мұхит асады деп сенейік.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер