Белсенді жастар діни экстремизмді болдырмайды

Screenshot_6.jpg

Дін тақырыбы – ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Ешақашан түспейді де. Себебі, алдыңғы буын кетіп, оның орнын жас буын басады. Жас буын – қызуқанды болады. Олар кез-келген теріс ақпаратқа сеніп, оған қосылып кетуі мүмкін. Бұл жерде олар теріс, кераған діни ағымның жетегінде кетіп қалу қаупі басым. Себебі, қазіргі дін атын жамылып, саяси миссия орындап жүргендер әбден психолог болып алған. Олар жастардың психикасын жетік меңгеріп, соңдарынан ертіп кете алатын қабілетке ие. Сондықтан да, мұндайға азғыруға жол бермей, оның алдын-алу керек.  

Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі және «Алтын Орда» қайырымдылық қоғамдық бірлестігі Кентау көпсалалы колледжінің студенттерімен «Біз діни экстремизмге және терроризмге қарсымыз» деген тақырыпта акция өткізді. Акция барысында студент жастар діни терроримзге байланысты дайынаған көріністерін көрсетіп, жиналған қауымға дінге шектен тыс беріліп, фанат болып кетудің, өз дінінен шығып, өзгенің жетегінде ноқталы бұзау секілді кетіп қалудың қауіптілігін түсіндірді. Іс-шара барысында жастар флэшмоб билеп, келген қонақтарда түрлі брошюлалар таратты. Онда теріс діни ағымдардың сипаты жазылып, одан сақтану жолдары түсіндірілді.

Бұл акция – танымдық сипатқа ие болып, жастардың көзін ашып, санасын оятты. Көрермендер зор әсер алып, акцияны ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдірді. Баян Самуратова есімді көрермен бұл акцияға жоғары баға беріп, діни сауатты. белсенді жастарға сүйсініп, "Жастарды адалдыққа болашаққа деген оң көзқарастарын қалыптастыру үшін жасалып жатқан іс шаралар Кентау жастарын қанаттандыруда, мақсатымыз нəтижелі болады деп сенемін" деп жылы лебізін айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер