Облыс әкімі Келестегі спорт кешенінің құрылысымен танысты

Screenshot_2.jpg

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында болды. Мұнда облыс басшысы ең бірінші Абай ауылындағы жаңадан салынып жатқан «Келес» спорт кешенімен танысты. Жалпы, ауылдарда спорт кешенін көптеп салу өте маңызды. Себебі, жас дарындар көбіне ауылда болады. Бірақ, оларға қажетті жағдай жасалмай, физикалық, кәсібилік тұрғыда дамымай қалып жатады. Талант іште өледі. Мүмкін, сол ауылдағы балалар Олимпиада ойындарында еліміздің көк туын желбіретіп, елінің атын шығарар саңлақтар шығар? Сондықтан да мұндайға жол бермеу керек. 

Осыған орай, ауданда ұлтжанды кәсіпкерлер «Келес» спорт кешенін салуды қолға алған болатын. Мұнда қазіргі таңда спорт кешені құрылысы үшін 1 гектар аумақ қаралып, өз қаражаты есебінен кәсіпкер Ғалымжан Мырзабаев ауданда теңдесі жоқ спорт кешінін салу жоспарлап отыр. Бұл кешен жуық арада салынып бітсе, барша ауыл балаларына спортпен кәсіби тұрғыда айналысуға зор мүмкіндік туады. 

Облыс әкімі елінің ертеңі – балалардың, жас жеткіншектердің болашағын ойлаған кәсіпкердің игі ісіне разылығын білдірді. Сонымен қатар, Жансейіт Қансейітұлы алдағы уақытта спортқа бейім балаларды қолдау мақсатында Келесте спорт кешендері көптеп салынатынын айтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер