Шардаралық полицейлерге кереғар діни ағымдар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Screenshot_3.jpg

Кереғар діни ағымдар – қоғам дерті. Керағар діни ағымдар адамдарды «жұтып», оларды бұл әлемнен шеттетіп тастайды. Сондықтан, дін атын жамылған зұлым ойлы адамдардың азғыруына түсіп қалмаған жөн. Себебі, оның салдары өте ауыр болмақ. 

Осыған орай, бүгін Шарадара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндіру топ мүшелері Түркістан облыстық МКҚБ ММ-нің 3-ші полиция батальонында «Керағар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы А.Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Байбеков Дастан дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. 

Сонымен қатар, қазіргі таңдағы дәстүрлі емес ағымдардың көбейуіне байланысты, кейбір жастарымыздың діни сауатының таяздығынан кереғар діни ағымдар мен секталардың алдау арбауына түсіп, олардың торынан шыға алмай жүргендер жайында мысал келтіре отырып, дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде айтып берді. Керағар діни ағымдардың қауіптілігі, әлеуметтік желілердің жастарға тигізіп отырған зияндылығы жөнінде түсіндіріп, ҚМДБ-ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып өтті. Нәтижесінде, бұл жиынның келген азаматтарға берері көп болды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Базар жастар лигасы» шарасы өтті
  • Конституция – адам бостандығы мен құқықтарының қорғаушысыАта Заң - Тәуелсіздік құндылығы!
  • Тура жолдан адаспау - басты мақсат
  • Сайрамды қылмыс деңгейі төмендеп келеді
  • Керуен жұмысы тиімділігін көрсетуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер