Ең ерме халық – әлі сана-сезімі қалыптаспаған, ақыл-ойы толыспаған балалар. Балалар қай жерде көп шоғырланған? Әрине, мектепте. Осы себепті, теріс пиғылды азаматтар мектеп оқушыларын қармағына түсіруге тырысады. Қармаққа түсіп қалатындары бар. Бұндай өкінішті жайтты болдырмас үшін, мектеп оқушыларының бойында иммунитет, сыни ойлай білу қабілетін қалыптастыру керек. Сонда ғана олар кереғар көзқарастағыларғы алданып, арбалып қалмайды. Бұл үшін мектепте түсіндіру жұмыстарын жүргізген, оқушыларға өмірлік азық болар дәрістер оқыған абзал.
Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ оқушыларына "Ғаламтор жастар жадына жау" тақырыбында кездесу болып өтті. Бұл тақырыптың өзектілігі зор. Себебі, ғаламтор пайдаланбайтын оқушы бар. Бәрінін қолында бір-бір телефон бар десек болады. Міне, сол телефоннан оқушы қоқыс емес, білім алғаны жөн.
Кездесу осы жөнінде көптеген тың ақпараттар, пайдалы ақыл-кеңестер айтылды. Кездесуді Облыстық Дін істері басқармасының Сайрам ауданы бойынша "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ- нің теолог маманы А.Тажибаев жүргізді. Ол оқушыларға ненің ақ, ненің қара екендігін айтып, өмірдің көлеңкелі тұстары да болатынын түсіндірді.
Дәл осындай жиын Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округіне қарасты М.Қашғари атындағы мектепте де өтті. Бұл кездесуді Облыстық Дін істері басқармасының Сайрам ауданы бойынша "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"КММ- нің теолог маманы И.Батыр жүргізді.
Жиын соңында оқушыларға жəне мектеп мұғалімдеріне "Ғаламтордағы махаббат бомбасы", "Дін және қазіргі заман", "Дін және дәстүр тағылымы" кітапшалары таратылды.